19 Наурыз, 2010

МІНДЕТТЕР МЕЖЕЛЕНДІ

635 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17 наурызда “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар­баевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауынан және 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарынан туындайтын агенттіктің міндеттері туралы” тақырыпта Жер ресурстарын басқару агенттігінің кеңейтілген алқа отырысы өткізілді. Алқа отырысында агенттіктің төрағасы Өмірзақ Өзібеков аталған тақырып аясында баяндама жаса­ды. Онда Ө.Өзібеков Жолдаудан туындайтын агенттіктің алдындағы міндеттерге ерекше тоқталды. Со­ның ішінде сенімді құқықтық орта қалыптастыру бойынша агенттіктің орталық аппаратына жер заңнама­ла­рын одан әрі жетілдіру жұмыс­та­рын жүргізу және Мәжіліс қарау­ын­да жатқан “Жер кодексіне өз­гер­тулер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын тезірек қа­былдануына ықпал жасау қажет. Агенттіктің қазыналық кәсіп­орын­дарына геодезия және картор­графия саласы бойынша ел эко­но­ми­касына қажетті жұмыстарды сапа­лы орындау, сонымен қатар, еліміздің Кедендік одаққа кіруіне байланысты, оңтүстік шекараларды демаркациялау жұмыстарын мей­лінше тезірек жүргізу міндеттері жүктеледі. Жолдауда белгіленген ауыл шаруашылығы саласында еңбек өнімділігін арттыруға қатысты мәселелер бойынша Өңіраралық жер инспекцияларына, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, иесіз және де пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және де заңдарға сәйкес оларды есепке алу мен мәжбүрлеп иеліктен шығаруды іске асыру тапсырылды. “Егемен-ақпарат”.
Соңғы жаңалықтар