19 Наурыз, 2010

ҮЛЕСІМІЗДІ ҚОСАМЫЗ

647 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасының “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін­дік­тері” атты кезекті Жолдауын бүкіл халықпен бірге аға буын өкілдері, ауыл ақсақалдары мен ардагерлері де қанағаттанарлық сезіммен қарсы алды. Қазақстанда соңғы онжыл­дық­та болған оң өзгерістер бізді қуантса, алдағы онжылдыққа бел­гіленген даму белесі көптің көңі­ліне сенім ұялатты. Мемлекет басшысы аға буынға әрқашан зор көңіл бөліп келеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс арда­гер­лерінің әрқайсысына 65000 тең­геден бір жолғы көмек беріледі. Соғысқа қатысушыларға теңес­тіріл­ген тұлғаларға, соғыс арда­герлерінің зайыптарына, соғыста қаза болған майдангерлердің жұ­байларына, соғыс мүгедектерінің қосақтарына, соғыс жылдарында тылда еңбек еткендерге де мате­риалдық  көмек көрсетілмек. Бұл – үлкен қуантарлық шешім деп білеміз. Жолдауда ауылдағы ағайын­ның жағдайы да ұмыт қалған жоқ. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зейнетақы тө­лемдерінің мөлшерін күнкөріс дең­гейінің 60 пайыз деңгейіне көтеру міндеті қойылды. Мемле­кеттік әлеуметтік жәрдемақы­лар­дың мөлшері көбейе түсетін бол­ды. Бұл қамқорлығы үшін Елба­сына үлкен алғысымызды білдіре­міз. Ендігі міндет осы белестерді еңсеруге үлкен-кіші демей бәріміз бір кісідей атсалысуға тиіспіз. Бұл, әсіресе, аға буын өкілдерінің, қарттар мен ауыл ақсақалдарының алдына үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтан Созақ ауданының ардагерлері Президент Жолдауы­ның іске асырылуына өз үлестерін қосатын болады. А.МҰСАБЕК, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысы.