Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Арыстағы жарылыс: Бөген су қоймасына ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадрақов мәлім етті. Оның видео-мәлімдемесін облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желіде жариялады.

Арыстағы жарылыс: Бөген су қоймасына ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ

Басқарма басшысы видеожазбасы арқылы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Бөген су қоймасына қатысты тараған қауесетті жоққа шығарады. «Арыс арнасынан секундына 47 текше метр су шаруаларды ағынсумен қамтамасыз етуге босатылып жатыр. Бөген су қоймасына байланысты ешқандай да қауіп жоқ. Осында Түркістан облысы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов пен Отырар аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары толығымен Бөген су қоймасын көріп шықты. Бөген су қоймасына қатысты ешқандай да қауіп төніп тұрған жоқ», деді Н. Бадрақов.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.






Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025