Қоғам • 21 Маусым, 2019

ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болады?

7876 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болатынын жариялады.

ҰБТ нәтижесін қайдан білуге болады?

Талапкерлер ҰБТ-2019 нәтижелерін

- ТЖК (тестіленушінің жеке коды) арқылы Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz;

- @edu.gov.kz bot Telegram-боты көмегімен;

- edu.mail.kz сайтынан біле алады.

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру кезіндегі кез келген заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында нақты қадамдар қабылдап отыр.

«ҰБТ әділ өтсін десек, егер барлық түлектер мен ата-аналардан, заң бұзушылық жағдайлары байқалатын болса, бейжай қарамауды сұраймыз. Тестілеу кезінде  сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, жауаптарды көшіріп алудың куәгері болсаңыздар немесе бөтен адамдардың жүргенін байқасаңыз, +7 (7172) 69-50-87 телефонына дереу хабарласуды; @edu.gov.kz bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.

Біз өз тарапымыздан ақпараттың құпия болатынына кепілдік береміз» делінген министрлік сайтындағы хабарламада.

Барлық сұраққа жауап алу үшін тестілеудің обьективтілігі мен шынайылығын күшейту мақсатында 8-800-080-7177 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.


Сандуғаш МАРАЛБАЙ

ЕҰУ Журналистика факультетінің студенті