17 Наурыз, 2010

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен Пре­мьер-Министрдің бірінші орын­ба­сары Өмірзақ Шөкеев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда елдің өзен-көлдері мен су шаруашылығы нысандарындағы тасқын сулардың өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқы­лан­ды. Талқылау қорытындысында облыс әкімдеріне ТЖМ-нің аумақ­тық бөлімдерімен, АШМ-ның су ресурстары жөніндегі комитетімен және ІІМ-мен бірлесіп су қойма­ла­ры мен өзен-көлдердің техни­ка­лық жағдайларын мұқият тексеру, жөн­деу-қалпына келтіру жұмыс­та­рын жүргізудің қажетті көлемі бой­ын­ша ақаулық актілер жасау, қа­жет­ті материалдық-техникалық шы­ғындар көлемі мен қаржы­лан­ды­ру көздерін анықтау, апат қаупі бар учаскелерде кезекшілік ұйымдастыру, су қой­малары мен су шаруашылығы ғи­ма­раттарында пайдалану ереже­лері­нің сақталуын қадағалау мен дербес жауапкер­шілікті күшейту жөнінде тапсыр­малар берілді.