Жексенбі күні елордадағы “Астана – Арена” стадионында өткен матчта “Ақтөбе” футбол клубы Атыраудың “Атырау” командасын 2:0 есебімен жеңіп, еліміз суперкубогының иегері атанды. Жеңімпаз командаға жеңіс сыйлаған алғашқы голды ойынның 42 минөтінде Струков соқса, 80 минөтте Аверченко есепті еселей түсті. Сөйтіп, “Ақтөбе” командасы осымен екінші мәрте аталмыш жүлдеге қол жеткізді.
Суперкубокты Ұлттық футбол лигасының басшысы С.Байшақов команда капитаны Самат Смақовқа табыс етті. Осы тұста Қазақстан Футбол федерациясының бекіткен ережесіне сәйкес, Қазақстанның Суперкубогын премьер-лига командалары арасында чемпион атанған және Қазақстан кубогын жеңіп алған командалар сарапқа салатындығын айта кеткен жөн.
2008-2009 жылғы маусымда “Ақтөбе” 26 ойында 65 ұпай жинап, чемпион атанған-ды. Ал былтыр “Атырау” финалда Қарағандының “Шахтер” командасын жеңіп, Қазақстан кубогын жеңіп алған еді.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше