Аймақтар • 05 Сәуір, 2019

Қыздар университетінің ғалымдары бірегей экологиялық жобаны қолға алды

1094 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары бірегей экологиялық жобаны қолға алды. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан мәлімдеді.

Қыздар университетінің ғалымдары бірегей экологиялық жобаны қолға алды

Қыздар университетінің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға университеттің белгілі түлектері мен ұжымының қатысуымен жүзеге аспақ.

– Жоба барысында оңтүстік астанадағы ауа бассейні ластану деңгейі жоғары аймақтарда арша, емен, үйеңкі, акация, бозарша және сирень ағаштарының көшеттері отырғызылады. Бұл өскіндер университеттің Жаратылыстану факультетінің базасындағы арнайы зертханада ең арзан әдістеме арқылы өсіріліп, күтіп-бапталған, – деп атап өтті Жандар Асан.

Бұған дейін Алматы қаласындағы Медеу шатқалында 1000-нан астам ағаш отырғызылған болатын. Енді аталған шара қаланың өзге де аймақтарында жүзеге асырылмақ. Бірегей жоба болашақта еліміздің аумағында күтілетін қуаңшылық, аптап ыстық пен табиғи апаттардың алдын алуға септеседі және жастарды экологиялық патриотизмге тәрбиелейді.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30