Руханият • 04 Сәуір, 2019

Суретші Жиенбай Орынбаевтың жеке көрмесі өтеді

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың 10 сәуір күні Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Жиенбай Орынбаевтың «Менің көрмем» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде суретшінің 40-тан астам туындылары ұсынылады.

Суретші Жиенбай Орынбаевтың жеке көрмесі өтеді

Жиенбай Орынбаевтың шығармашылығы көп жанрлы болғанымен жанына жақыны – ауыл көрінісінің лирикалық пейзажы мен табиғаттың шексіз сұлулығы. Ол табиғат жағдайының нюанстарын, сырғып бара жатқан сезімтал бір сәттік сұлулықты  нәзіктікпен қабылдап, лириктің көзімен көреді.  

Жиенбай Орынбаев 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ташкент педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмамдады. Көптеген халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Ж. Орынбаев өзінің шығармашылық қызметін оқытушылықпен ұштастырып, қазіргі кезде Ә. Қастеев атындағы көркемөнер және дизайн мектебінде ұзтаздық қызмет атқарады.