Қоғам • 03 Сәуір, 2019

Алматыда отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған сайыс өтті

1625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда отбасылық құндылықтар мен халық дәстүрін дәріптеуге бағытталған «Беу, қыздар-ай» атты сайыс өтті. Орталық неке сарайында шымылдығын түрген байқауда Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері мен ұзтаздары бақ сынады.

Алматыда отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған сайыс өтті

«Айтулы шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында өткізіліп отыр. Дәстүрге айналған бұл сайыстың негізгі мақсаты – кәсіби мамандықтардың қаншалықты маңызды екенін ұғындыру. Жастарымызды үлкен өмірге баулу. Биыл аталмыш шараны неке сарайында өткізуіміздің өзіндік себебі де жоқ емес. Бұл киелі шаңырақта отбасы құрылады. Ал, бақытты отбасы – мемлекетіміздің негізі», - дейді Алматы Сән және дизайн колледжінің директоры Надежда Яковлева.

Қатысушылар өз қолдарынан өрілген түрлі бұйымдарды жұрт назарына ұсынып, ұлттық дәстүріміз бен әдеп-ғұрпымыздан сыр шертетін әдеби шығармаларды жарыса оқыды.


Арман ОКТЯБРЬ,


«Егемен Қазақстан»


АЛМАТЫ