Аймақтар • 02 Сәуір, 2019

Алматыда 2018 жылы жол апатынан 133 адам көз жұмған

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда алдағы екі жылға арналған жол қауіпсіздігін күшейтуге және жол-көлік оқиғалары кезінде адам өлімін азайтуға бағытталған іс-қимыл жоспары бекітілді. Биыл көлік және велосипед қозғалысының аражігін ажырату үшін арнайы барьер қойылмақ.

Алматыда 2018 жылы жол апатынан 133 адам көз жұмған

Мегаполисте 2016 жылдан бастап қоғамдық көліктерді кешенді реформалау ісі жүйелі жүзеге асып келеді. Жаяу жүргіншілер аумағы артып, велосипед жолдары желісі ұлғайтылған. Сондай-ақ, күре жолдардағы көлік жылдамдығы төмендетілді.

Нақты шаралардың арқасында ЖКО кезінде адам өлімінің саны аз да болса азайған, алайда жол қазасы статистикасы әлі де жоғары. Мәселен, 2018 жылы қала жолдарында 133 адам қаза тауып, 5200 адам түрлі жарақат алған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық Мобильділік басқармасына үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жолдарда адам қазасы мен жарақат алуды азайтуға бағытталған жоспар жасауды тапсырған еді. Сараптама көрсеткендей, жол апаттары негізінен төрт және одан да көп жолақты күре жолдарда және жол қозғалысы кезінде оқыс қимыл жасауға мүмкіндік бермейтін елді мекендерде орын алатындығы анықталған.

Мамандар жаяу жүргіншілердің қатысы бар жол-көлік оқиғалары көбінесе жұма күні, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта жиі болатындығын айтады. Vision Zeroның жаһандық концепциясына орай жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасына қатысушы. Бұл қала тұрғындары үшін жеке автокөліктерден көрі түрлі қоғамдық көліктердің қызметін  пайдалану тиімді екенін көрсетеді.

Зерттеу көрсеткендей, қоғамдық көлік дамыған аудандардың тұрғындары автомобильденген ортадағы адамдарға қарағанда жол-көлік апатына бес есе аз түседі екен. BRT, LRT желілерін кеңейту және метро ЖКО қысқартудың негізгі тұтқалары болып табылады. «Vision Zero Almaty» іс-қимыл жоспарында жолдардың, көшелердің, түрлі белгілердің өзгеруі және «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз көше», «Қауіпсіз жылдамдық», «Қауіпсіз қоғамдық көлік», «Жол қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесі», «Барлық қызметтерді үйлестіру» және басқа қадамдар көрініс тапқан.

«Бұл қадамдар арқылы ЖКО жиі болатын учаскелерге зерттеу жүргізіледі және проблемалы бұрылыстарда жол қозғалысы өзгертіледі. Жолдарды ағымдағы өзгерту қылталарды, бекеттік, тротуарлық және қолдан жасалған кедір-бұдырларды, боллардтарты тегістеу есебінен атқарылады. Сонымен қатар, көзге кері әсер ететін визуалды элементтер саны азаяды. Бекітілген іс-қимыл жоспары  негізінде жаңа әдістерді енгізудің арқасында жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі артады, жаяу жүргіншілерге арналған өтпелі жолдарға диодты жарық шамдары, ал адамдар көп жиналатын өтпелі жерлерге кнопкалы бағдаршамдар орнатылады, бағдаршамдарға жасыл фазаны ерте көрсететін қосымша бекітіледі», –  деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


    АЛМАТЫ