Кездесуде мемлекет басшылары Қазақстан мен Румынияның екіжақты қатынастары үйлесімді сипатта дамып келе жатқандығын атап өтті. Президенттердің атап өтуінше, екі елдің ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған құқықтық-келісімдік база құрылып жатыр. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия табысты жұмыс істеуде. Парламентаралық байланыстар да орнығып келеді. Румыния басшылығы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы қол жеткізген жетістіктерін жоғары бағалайды, сондай-ақ Румыния біздің елімізді Орталық Азиядағы негізгі әріптесі деп біледі. Ресми Бухарест Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын және биылғы жылы ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу туралы бастамасын қолдайды.
Бүгінде Қазақстан мен Румыния арасында қандай да бір мәселеде саяси келіспеушілік жоқ. Бұл мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулерінде қол жеткізілген уағдаластықтың арқасы. Соның нәтижесінде екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Румыния қатынастары сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, тағы басқа халықаралық ұйымдар аясында да үйлесімділік тауып отыр.
Ресми Бухарест Қазақстанды ерекше маңызды стратегиялық әріптес деп біледі. Бұл туралы Румыния Президенті Траян Басеску 2008 жылы өз елінде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпуспен кездесуінде арнайы тоқталып өткен болатын. Румыния басшысы, сонымен қатар, өткен жылы Еуропа Одағының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық жобаларды айқындауда Қазақстанмен қатынасты нығайту аса қажет және маңызды екенін атаған еді.
Қазақстан мен Румынияның екіжақты ынтымақтастықты дамытуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы қарашада Румынияға жасаған мемлекеттік сапары тың серпін бергенін атап өткен жөн. Өйткені, Елбасының бұл сапары Қазақстан сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі – Еуропа Одағымен қатынастарды тереңдету мақсатын көздегенімен ерекшеленді.
Президенттердің оңаша кездесуінен соң, мемлекет басшыларының қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөз жалғасты. Онда маңызды тақырып болып табылатын халықаралық аренадағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Президенттердің атап өткеніндей, екі елдің де жаһандық және өңірлік саясаттағы өзекті мәселелерге қатысты көзқарастары ұқсас. Ауғанстан мен Ирактағы жағдайды тұрақтандыру, халықаралық лаңкестікпен күрес, ядролық қарусыздану және оны таратпау мәселелерінде де ұстанымдары бірдей.
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткеніндей, Румыния Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші әріптесі болып табылады. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 878 миллион АҚШ долларынан асты. Бүгінде Қазақстанда Румынияның қатысуымен 35 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Румынияда 11 румындық-қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Олар негізінен құрылыс, электртехникасы, алтын өндіру өнеркәсібі, медициналық дәрі-дәрмек өндіру салаларында жұмыс істеп келеді.
Келіссөз барысында тараптар екі елдің энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм, тағы басқа салалардағы ынтымақтастығының перспективасы айтарлықтай екендігін атап өтті. Қазіргі кезде Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық қатынастары орнықты дамып келеді. Екі елдің сауда-экономикалық қатынастарында энергетика, мәшине жасау, металлургия, көлік және логистика, жеңіл өнеркәсіп салалары негізгі болып табылады. Қазақстан Республикасы бүгінде Румынияның ірі шетелдік инвесторларының бірі болып отыр. Өйткені, 2007 жылдың қарашасында “ҚазМұнайГаз” компаниясының еншілес кәсіпорны “ҚазМұнайГаз” сауда үйі” АҚ Румынияның “Ромпетрол” мұнай-газ компаниясының 75 пайыз акциясын, ал 2009 жылдың шілдесінде қалған 25 пайыз акциясын сатып алды. “ҚазМұнайГаз” компаниясының толық иелігіне өткен “Ромпетролдың” Еуропаның алты елінде 900 автомайқұю стансасы жұмыс істейді.
Қазақстандық негізгі инвестиция “Петромидия” мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға және автомайқұю стансаларын дамытуға бағытталған. Бұдан бөлек 2008 жылы Констанца портында жылдық қуаты 90-165 мың тоннаны құрайтын теңіз терминалының құрылысы аяқталды. Жалпы, Қазақстан Румынияда бұдан басқа да инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осы жерде атап өтейік, Қазақстанның жоғарыда аталған “Ромпетрол” компаниясын сатып алуы Еуропа Одағы елдері аумағындағы алғашқы ірі инвестициялық жобасы болып табылады. Қазақстанның бұл елдің экономикасына салған инвестициясының жалпы көлемі 3,5 миллиард долларды құрады. Осы жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан Румынияға мұнай жеткізуші жетекші елдердің біріне айналды. Өйткені, Қазақстан бұл елдің мұнайға қажеттілігінің 30 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздің қорытындысында Қазақстан мен Румынияның ынтымақтастығын әрі қарай тереңдетуге бағытталған бес құжатқа – Қазақстан Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы инвестицияны өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімге, Қазақстан Әділет министрлігі мен Румыния Әділет және азаматтық бостандықтар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан Үкіметі мен Румыния Үкіметі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге және Қазақстан Статистика агенттігі мен Румыния Ұлттық статистика институты арасындағы статистика саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжаттарға қол қою рәсімінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Румыния Президенті Траян Басеску қазақстандық және румындық БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Қазақстан мен Румыния мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың үлкен тарихы бар, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл кездесуге біз зор мән береміз. Саяси тұрғыдан алғанда екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қажетті барлық жағдайлар бар деп есептейміз. Румыния Президенті Траян Басескудің бұл сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жоғары деңгейге көтереді деп есептеймін.
Бұдан соң Елбасы Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық қатынастарына тоқталды. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Румыния Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші әріптестерінің бірі болып табылады. Ал бүгінгі қол қойылған құжаттар екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға қызмет ететін болады.
Румыния Президенті Траян Басеску екі елдің түрлі салалардағы қатынастарына жоғары баға бере келіп, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларына тоқталды. Румыния басшысының атап өтуінше, Румыния Қазақстанның энергетикалық мүмкіндігін пайдалануға мүдделі. Сонымен қатар Қазақстанмен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тағы басқа да салаларда тығыз байланыс жасауға қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде бірлесіп көмірсутегін өндіру де бар. Қазақстан Румынияның Орталық Азиядағы стратегиялық әріптесі болып табылады, деді әрі қарай Румыния Президенті. Биылғы жылы екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылғыдан едәуір артатынына сенімдімін. Өйткені, бұдан екі жыл бұрын Қазақстан мен Румынияның өзара тауар айналымы 2 миллиард доллардан асқан болатын.
Сөзінің соңында Румыния Президенті Траян Басеску Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде Ұйымның жоғары деңгейдегі саммитін Астанада өткізу бастамасына қолдау білдіретінін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстан аумағында тұратын румын этносына Қазақстан басшылығы тарапынан жасалып жатқан жақсы жағдайлар үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді.
Авторы: Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Балаларға екі данадан артық бермеңіз: мандаринді көп тұтыну қауіпті
Денсаулық • Кеше
Алматыда екі қабатты қоймада өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше
Бүгін «Барыс» елордада «Авангардпен» кездеседі
Спорт • Кеше
Панфиловке баратын жол жаңарды
Инфрақұрылым • Кеше
Жетісуда көл жағалауларын тазалайтын кәсіпорындар құрылады
Экология • Кеше
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда
Өнер • Кеше
Алматыда тәртіпті он жүргізуші марапатталды
Заң • Кеше
Асу Алмабаев Дохадағы UFC турнирінде Пересті жеңді
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Silk Way Star қатысушыларын құттықтады
Президент • 22 Қараша, 2025
Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ұлттық құраманың футболшысы 27 жасында кәсіби карьерасын аяқтады
Спорт • 22 Қараша, 2025
Абай облысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне 10 автомобиль тарту етілді
Шаруашылық • 22 Қараша, 2025
Халықтың ипотекаға сұранысы төмендеді: автонесиеге қызығушылық артты
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Шетелде жүрген қазақ ғалымдарының әлеуетін ел игілігіне бағыттаудың жаңа кезеңі басталды
Ғылым • 22 Қараша, 2025
Астанада құрылыс алаңында үш жұмысшы биіктіктен құлап кетті
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Тұмаудың алдын алу үшін қандай жемістерді жиі тұтынған жөн
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
Технология • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Туризм • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
Елорда • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
Табиғат • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Үкімет • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Өнер • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Спорт • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • 22 Қараша, 2025