
Қазақстан сапында Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 56-шы орын), Александр Недовесов (193-ші орын), Александр Бублик (164-ші орын), Тимур Хабибулин (жұптық сында 162-ші орын), Денис Евсеев (322-ші орын) кортқа шығады.
Біздің командаға Жоау Соуза, Педро Соуза, Жоау Домингеш, Гаштан Элиаш қарсы ойнайды. Олардың арасында рейтингте жоғары тұрған теннисші - Жоау Соуза (44-ші орын).
Екі құрама арасындағы матч 1-2 ақпан күндері Астанадағы ұлттық теннис орталығында өтеді.