Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018

Мемлекет басшысы: Ортақ валюта енгізуге әлі ерте

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген қорытынды сұхбатта Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ валюта енгізу мәселесі туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы: Ортақ валюта енгізуге әлі ерте

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары кездесуінде ортақ валюта енгізу туралы мәселе көтерілген де емес, оны талқылағанымыз да жоқ. Бәлкім, кейбіреулер Еуропа одағында секілді еуро енгізуді қалайтын шығар. Мұның тиімді тұстары бар. Алайда оған әлі ерте», деді Елбасы.

Сонымен қатар Президент ортақ валютаның қашан енгізілуі мүмкін екеніне тоқталды.

«Ортақ валюта енгізу үшін ұйымға мүше мемлекеттердің экономикасын бір-біріне сай деңгейге жеткізу қажет. Ол үшін тепе-тең жағдай жасалып, мемлекеттердің экономикалары бір-біріне жетеқабыл болуы тиіс. Сондай-ақ ЕЭО-қа мүше мемлекеттер ортақ валюта енгізуге бірауыздан келісуі қажет», деді Н.Назарбаев.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың 5 жыл, ұйым идеясына 25 жыл толуын 2019 жылы маусымда елімізде аталып өтілетінін жеткізді.