Қазақстан • 18 Сәуір, 2018

Президент жолдауы елді дамытудың тамаша әрі толық­қан­ды жоспары

455 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда Қазақстан көп­теген салалар бойынша, әсіресе дип­ломатиялық және эконо­мика­лық тұрғыда үлкен та­быс­тарға қол жеткізді. Бұл сөзі­міз­дің бір дәлелі ретінде Қазақ­стан­ның соңғы кезеңдерде БҰҰ Қауіпсіз­дік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуын, аталған органға 2018 жыл­дың қаңтарында төрағалық еткенін, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халық­­аралық мамандандырыл­ған көрмесін жоғары деңгейде өткіз­генін атап көрсетуге болады.

Президент жолдауы елді дамытудың тамаша әрі толық­қан­ды жоспары

Бұдан бөлек, елде индустрия­ландыру үдерістеріне қатысты да атқарылған жұмыстар аз емес. Осы орайда Қазақстанның үшін­ші жаңғыртылуы басталға­нын, индустрияландыру бағ­дар­ла­масы іске асырылып жат­қа­нын, «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы қолға алынғанын, «Қазақ­стан-2025» Стратегиялық жос­пары әзірленгенін айтуға болады. Қазақстанда технологиялық революцияның, технологиялық жетістіктердің мүмкіндіктерін пай­далана отырып, экономика­лық даму деңгейін арттыруға кеңі­нен жол ашылып отыр.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев биылғы Жол­дауын­да елдің қоғамдық-эко­но­­ми­калық дамуының негізгі міндеттерін нақтылап берді. Мем­лекет басшысы бұл Жол­дауында Қазақстанның жаңа технологияларды, әсіресе цифрлы технологияларды пайдалану, өнеркәсіп, ауыл шаруа­шылығы, логистика, қаржы, еңбек және құрылыс салаларын дамыту деңгейін жақсарту мәсе­ле­леріне кеңірек тоқталуы көптің көңілінен шықты деп ойлаймыз.
Бұған қоса, Президент әлеу­меттік менеджменттің дең­гейін көтеруге, сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күресуге және заң үстемдігін нығайтуға мүм­кін­дік беретін алдыңғы қатар­лы тех­­но­логияларды пайдалану Қа­зақ­­станды дамыта түсеті­нін, тиімді басқаруды және эконо­ми­ка­лық дамудың жылдамдығын арт­тыруға жол ашатынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік экономиканы дамытудың қазақстан­дық бағдарламасын таныс­тыр­ды. Қазіргі уақытта әлем­­дік экономика әлі де қалпы­на келуде, ал мемлекеттер экономикалық дамудың жаңа жолдарын зерттеп жатыр. Осыған байланысты халық шаруашылығын дамытуды ынталандыру және әлеуметтік менеджменттің деңгейін көтеру үшін цифрлы экономика мен төртінші индустриялық рево­люцияның технологиялық құры­лымын дұрыс қолдану аса маңыз­ды. Бұл мәселе барлық елдердің алдында күн тәртібінде тұр.

Осы тұрғыдан келгенде, Пре­зидент Н.Назарбаевтың Қазақ­стан халқына арнаған Жолдауы елді дамытудың тамаша әрі толық­қан­ды жоспары болып табылады.

Біз Н.Назарбаевтың басшы­лығы­мен Қазақстан бұдан да үлкен жетістіктерге жететініне сене­міз. Елдің аймақтық және ха­лық­аралық істерге ықпалы күше­йе түседі және халықаралық мәр­тебесі жоғары болады.

Лю ХУЧИН,
ҚХР Сауда министрлігі жанындағы

Халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының аға ғылыми қызметкері 

Қазақстандағы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған құжат – «Президенттің бес әлеу­мет­тік бастамасында» ұлттық тұтастықты нығайтуға, әлеумет­тік саланы бекемдеуге ерекше көңіл бөлінгендігін атап өткім келеді. Мәселен, баспана қол­жетімді болса, жастар грант ар­қы­лы тегін білім алса, ол мем­ле­кеттің болашағы баянды болмақ.

Бұл – жаһандану заманында ұрпақтың нанотехнологияны алаңсыз игеріп, уайымсыз өсуіне бағытталған негізгі жоба. Әлеуметтік салаға бағытталған түрлі бағдарламаларды жұрт болып жүзеге асырғанда ғана, ұлы мақсаттарға жетуге болады. Сол себепті бұл барлық әлеу­­мет­тік бастамалар өте маңыз­­ды. Мысалы, халықты бас­па­на­­­мен қамту, көгілдір отын жет­кізу, салық төлемдерін мей­­­лін­ше азайту көпшіліктің әлеумет­тік жағдайының жақса­руына әсер етеді. Шағын несие­лік инно­вация­лық жобалар мен «7 – 20 – 25» бағдарламасы да бүгінгі нарықтық экономикада әлеуметтік бағыттың дамуына негіз болады.

Равшан НАЗАРОВ, 
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы тарих институтының

«Заманауи тарих және халықаралық зерттеулер» бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25