Қазақстан • 10 Сәуір, 2018

Зиянкестерден залал көп. Көктемде қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенелердің көбейетін кезі

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер аяғы жібіп, күн күрт жылитын көктем айлары адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенелердің көбейетін кезі. Жауапты мамандар нақ осы кездерде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Зиянкестерден залал көп. Көктемде қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенелердің көбейетін кезі

Зиянкестердің күрт көбеюіне әсер ететін негізгі фактор күннің жылуы ғана емес, түрлі тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тас­талуы. Осының салдарынан қала аумағындағы саябақтарда, әсіресе көп қабатты үйлердің ма­ңында адам денсаулығы үшін аса қауіпті кеміргіштер көбе­йеді. Мамандардың сөзінше, кемір­гіштердің кейбір түрлері тіпті өлім жағдайларына әкеліп соқ­ты­ратын жұқпалы аурулардың ошағы саналады.

Бұл айларда кеміргіштерден бөлек адам мен жануарлардың, сондай-ақ өсімдіктердің паразиті болып табылатын кенеден де абай болған жөн. Қышыма кене сияқты кейбір тұқымдастары тіпті көзге де шалынбайтын бұл жәндік адам бойында бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия сияқты аурулардың өрбуіне жол ашады. Әсіресе мұн­дай кене­лер жаңбырдан кейін көгал­ды жерлерде көп болады. Сондық­тан күн жылысымен таулы аймақ­тардағы табиғат аясына шығатын тұрғындар бұл жағдайды қапе­рін­де ұстағаны абзал. 

«Қала аумағын зиянкестерден залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі науқанына арналған арнайы кесте бекіттік. Сол кес­те не­­гі­зі­нде таулы аймақтар мен де­ма­­­лыс орындарында, қала аума­­­ғын­­­дағы саябақтарда залалсыз­дан­­дыру жұмыстары басталады. Жап­пай залалсыздандыру ісі­не құрамында тәжірибелі эпи­де­­миолог дәрігерлері бар 6 адам­­нан құралған 3 бригада жұ­мыл­дырыл­мақ. Дерати­зация­лау жұмыстары Алматы қаласының әр ауданында кезең-кезеңімен жүргізіледі», дейді Алматы қала­сы бойынша дезинфекция орталығы филиалының басшысы Есен Бекбосынов.

Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ