Аймақтар • 23 Қаңтар, 2018

Ақтөбеде сүт цехы іске қосылды

639 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтөбе аймағында ауыл­шаруа­шылық өндірістік коопера­тив­терінің қызметі жаңа сапалы кезеңге аяқ басты.

Ақтөбеде сүт цехы іске қосылды

Оның басты көрінісі – ауылшаруашылық өнім­дерін өңдейтін шағын өн­діріс орындарының ашыла бас­тауы. Осындай сүт өңдейтін ша­ғын цехтың бірі Қосестек ауы­лын­­да іске қосылды. Оны Еркін Өте­­генов жетекшілік жасай­тын «Қосес­тек» ауылшаруашылық өн­­ді­­ріс­­тік кооперативі жүзеге асыр­ды.

Бұл үшін кооператив мүшелері өзара кеңесе келіп, ең алдымен тиісті инфрақұрылымдық жүйе жасақтау қажет деген ортақ ұйғарымға келеді. Солай болады да. Атап айтқанда, алдағы уақытта салынатын шағын өңдеу нысаны үшін электр желісі тартылады. Бұдан соң газ, су және кәріз жүйелері іске қосылады. Келесі кезекте ауызбірлігі мен ынтымағы жарасқан ауыл азаматтары ауысымына бір тонна шикізатты өңдеп, бұдан әзір өнім шығара алатын құрал-жабдықтар сатып алуға қол жеткізеді.

Сөйтіп «Қосескек» коопе­ративі сүттен қаймақ, сүзбе, май өндіруге мүмкіндік алды. Біз үшін ең бастысы шикізат өндіру көлемін кемітіп алмау. Мәселен, өткен жылы біз тұрғындардан 300 тонна сүт қабылдап алған едік. Бүгінгі меже осы мөлшерден төмендемей, оны сүт өңдеу цехына тапсыру, – дейді кооператив төрағасы Еркін Өтегенов.

Олардың бүгінгі алға қой­ған мақсаттары мен іс-жос­пар­лары да өміршең. Соның ішін­де қосестектіктер ертерек­те жергі­лікті май зауытына шы­ғарылған ірімшіктің ерекше түрін жаңа технологияның көмегі­мен қайта жаңғыртуды көздеп отыр. «Бәрін айт та, бірін айт, Коллективтің жырын айт» деген екен Би-ағаң, Бейімбет Май­лин. Осы өлшемге «Қосестек» кооперативі мүшелерінің ілкім­ді іс-қимылдары да дәл келіп тұрғандай.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы,

Қарғалы ауданы,

Қосестек ауылы