Тарих • 22 Қаңтар, 2018

Астанада «Елба­сы Жолдауы: жаңа жаһан­дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті

297 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаях­метов атындағы тілдерді дамытудың респуб­ли­калық үйлестіру-әдіс­темелік орталығының ұйым­дастыруымен «Елба­сы Жолдауы: жаңа жаһан­дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Астанада «Елба­сы Жолдауы: жаңа жаһан­дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті

Шараға жиналған зия­лы қауым өкілдері мен тіл жа­на­шырларына аталмыш бас­қо­судың мән-ма­ңызы жайлы түсіндірген комитет төр­а­ғасы Қуат Бораш, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төр­тінші өнеркәсіптік револю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол­­дауының жетінші бағы­тында атап өтілгендей, адами ка­пи­талдың өзектілігі және со­нымен қатар терминология тұр­ғысынан қазақ тілін халық­аралық деңгейге жақындату мәселесін жү­зеге асыру үрдісі негі­зінде ке­зекті жиын өткізіліп отыр­­ғанын жеткізді. Осы орай­­да «кеңесіп пішкен тон кел­­те болмас» дегендей, ор­тақ пікір, орамды ойларға жол ашып, көп­­­шілікпен келелі кеңес құ­ру­д­ың қа­жет­тілігіне тоқталды. 

Дөңгелек үстелдің не­гізгі баяндамашысы Ш.Шаяхметов атындағы тіл­дерді дамытудың рес­пуб­ли­калық үйлестіру-әдісте­мелік орталығының басшы­сы Ербол Тілешовтің пікірі­нен түйгеніміз, мемлекет­тік тілді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдар­ламасына сәйкес, қазіргі таңда қоғамға қажет оқу-әдістемелік және танымдық кітаптар шы­ға­ру мәселесі сәтті жүріп жатыр екен. 

Яғни бұған дейін жоға­ры­дағы бағдарламаға үміт­кер ретінде орталыққа әр­түрлі тақырыптарды қам­тыған 400-ге тарта шы­ғарма келіп түскен. Осы туын­дыларды филолог-ғалым Жантас Жақыпов баста­ған сарап­тамалық топ қарап шығып, сұрып­та­лып алынған 70 кітапқа бә­туасын берген.

Мақұлдан­ған шығармалар негізінен сөздіктер, балалар әдебиеті, тіл үйрену құ­ралдары, та­нымдық туынды­лар және аударма көркем әде­биеттер. 
Жоғарыдағы жиын барысында жаңадан жарық көрген 36 кітаптың таныс­тырылымы болды. Осы­лар­дың ішіндегі бас­ты құн­дылық ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың тұлға­лық энциклопедиясы мен әдебиетші ғалым Ас­қар Егеубаевтың ау­­дар­­­ма­­сымен жарық көр­ген Мах­­мұд Қашқари­дың үш томдығының екінші ба­сы­лымы. Сонымен бірге әр­түрлі са­лалық сөздіктер, араб-парсы лексикасы, қыр­ғыз жазушысы Шың­ғыс Айтматовтың бұған дейін қа­зақ тіліне аударылмаған «Тау құлаған» атты туындысы, Алаш қайраткері Телжан Шо­нановтың бес томдығы, бала­ларға арнал­ған «Алаш қозға­лысы» атты танымдық оқулық пен Алаш идеясын қол­даған ақындардың жыр жи­на­ғы, белгілі түрколог Қ.Сарт­­қ­о­жаұлының «Тас кітаптың құпиясы» атты туын­дысы, тілші ғалым Ә.Жү­ніс­бектің қазақ тілі­нің арти­ку­ляциялық база­сы толық талданған «Төл әліпби – төл жазу мәсе­ле­лері» атты еңбе­гі бар.

Екінші бір қуанарлық жағ­дай, жарық көрген кітаптардың элек­тронды нұсқасы жинақ­тал­ған СD нұсқасы қоса ұсынылып отырса, алдағы күндері ұлт­тық арнадан әр жұма сайын тіл да­мытуға ар­нал­­ған «Енші» атты жаңа жо­ба көрерменге жол тарт­­­пақ. Жоба қазақтың ұмыт болған салт-дәстүр­лері, ұлттық ойындар, тұр­мыс­тық мәдениетін дәріп­теу­мен қатар тіл білімі, мәде­ниет, таным, дәстүрі­мізді на­си­хаттауға арнал­ған дейді шараны ұйым­дас­тыру­шы­лар. Сонымен қатар 15 се­риялы «Сөз қазынасы» атты ани­ма­циялық фильм де кешікпей «Балапан» арнасы арқылы көрерменге ұсынылмақ. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 
Орынбай БАЛМҰРАТ, 
«Егемен Қазақстан»