Аймақтар • 18 Қаңтар, 2018

Жолдау: Нақты жоспар мен жүйелі жұмыс қажет

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында негізгі он міндетті белгілеп берген болатын. Енді Жолдауда айтылған міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты жоспар мен жүйелі жұмыс қажет.

Жолдау: Нақты жоспар мен жүйелі жұмыс қажет

Осы орайда Жамбыл облы­сының әкімі Асқар Мырзахметов­тің қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында актив жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, қала және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма мен департаменттер, құқық қорғау органдары мен жоғары оқу орындары басшылары, сондай-ақ саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен жас­тар бірлестіктері, екінші деңгейлі банктер өкілдері қатысты.

– Биылғы Жолдауында Елбасы жетіс­тікке жеткізетін 10 міндетті ұсынды. Бұл – Қазақстан үшін жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу барысындағы жаңа мүм­кіндіктер, – деді әкім.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірде кәсіпорындарды автоматтандыру, еңбек өнімділігін арттыру және барлық салаға цифр­лық жүйе­ні енгізу мақ­сатында жұмыстар ат­қа­рылып жатқанын айтып өтті. Соны­мен қатар актив жиынында Елбасы Жол­дауын­да айтылған көлік-логис­­тика инфрақұрылы­мын дамыту, құрылыс және тұрғын-үй ком­муналдық шаруашылығына заманауи технологияларды ен­гізу, қаржы секторын «қалпына кел­тіру», нәтижелі жұмыспен қамту, бірыңғай элект­рондық ең­бек бир­жасын кең ауқымда енгізу мәсе­лелері талқыланды.

Жамбыл облысы бүгінде жаңа өрлеу кезеңінде. Жолдау жүктеген міндеттер аясында өңірде өзгерістер көп. Елбасы Жолдауында дені сау ұлт қалыптастыру мәселесі айтыл­ған­дықтан, алдағы уақыттарда меди­ци­на­лық ұйымдарда электронды ден­сау­лық паспорты құрылатын болады. Сондай-ақ облыс көлемінде созылмалы ауру­лар­ды басқару бағдар­ламасы ен­гізіледі. Өз кезегінде тиім­ді мем­лекеттік басқаруды дамыту мә­се­лелері де сөз болып, облыста кәсіп­керлердің шығындарын қыс­қарту бойынша қолға алынатын шаралар туралы да айтылды. Елбасы Жол­дауында айтылған «ақылды қалалар» жобасы Тараз қаласында енгізілмек. Ал Сарысу ауданының Жаң­ат­ас қаласында «Кәсіби жос­пар» пило­ттық жобасы іске асырылатын болады.

Жиын барысында Жолдау­дан туындаған негізгі міндеттермен қатар, өңірдің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуы үшін қолға алынып отырған бірқатар жұмыс­тар да нақтыланды. Соны­мен қатар түрлі саланың маман­дары жарыссөзге шығып, Елбасы Жол­дауына байланысты пікір­лерін білдірді.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы