Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2017

Семейде Ұлттық Ұланы әскери бөлімінің қызметкерлеріне  құрмет көрсетілді

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5511 әскери бөлімінің қызметкерлеріне  құрмет көрсетілді.

Семейде Ұлттық Ұланы әскери бөлімінің қызметкерлеріне  құрмет көрсетілді

Әскери борышын абыроймен атқарған ҚР Ұлттық Ұланының 5511 бөліміндегі 200-ге жуық қызметкерлер  арнайы  марапат қағаздармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұлардың ішіндегі ең үздіктері алдағы уақытта Ішкі істер органдарына жұмысқа тұруға мүмкіндік беретін мінездемелік ұсыныс хатқа ие болды. Сондай-ақ, олардың барлығы ҚР Ішкі Істер министрлігінің жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіре  алады.

- Өз қызметтерін берілген уақытта жақсы атқарған әскери қызметкерлерге жиналған халық алғыстарын жаудырып жатыр,-деді ҚР Ұлттық Ұланы «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығының, баспасөзбен байланыс қызметінің бастығы  Бағдат Амангелді,- барлығы Ата Заңды құрметтеп, ел сенімінен шыға білді. Біз де запасқа шығып отырған осы әріптестерімізге табыстар тілейміз.

Әскери бөлімінің командирі міндетін атқарушы майор Ғазизжан Махимов та оларға сәт-сапар тіледі. Ал 5511 әскери бөлімінің ардагерлері кеңесінің төрағасы, запастағы майор Мұрат Оразғалиев және тағы басқалары әскери қызметкерлердің болашағына деген зор сенім білдірді.  «Үйлеріңізге аман-есен жетіңіздер, сіздер осы бөлімде қарапайым сарбаз болып, еңбек жолын бастадыңыздар. Осыны ешқашанда ұмытпай Ұлттық гвардияға қай жерде, қай қалада болса да қосылып, еліміздің абыройы мен қорғанысы үшін қызмет етуге дайын болыңыздар» деп ақ жол тіледі. 

Раушан Нұғманбекова 

Cуретті түсірген автор.

Семей

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00