Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2017

Маңғыстауда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Талғатбек Бапиев тағайындалды. Ол 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген.

Маңғыстауда денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Екі жоғары білімі бар: 1996 жылы Семейдің мемлекеттік медицина институтын, 2013жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін емдеу ісі, дәрігер, менеджмент бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласының №3перзентханасында дәрігер-анестезиолог қызметінен бастаған.

1997-2010 жылдар аралағында Алматы қаласында  дәрігер, ғылыми қызметкер, гемодиализ бөлімшесінің  меңгерушісі қызметтерін атқарған.  

2010 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» кәсіпорнының бас дәрігері болды.

Талғатбек Бапиев - медицина ғылымдарының докторы.  90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Хирургтар қауымдастығының мүшесі, Ресей Диализді қауымдастығының мүшесі, Еуропа трансплантологтар қауымдастығының мүшесі.

Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі, деп хабарлады редакция тілшісіне Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05