Қазақстан • 29 Қыркүйек, 2017

Қайрат Баекенов «Астана» командасына арнап ән жазды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал композитор Қайрат Баекенов «Астана» футбол клубына тарту жасады.


Қайрат Баекенов «Астана» командасына арнап ән жазды

Команданың еурокубоктағы жетістіктеріне риза болған композитор арнайы ән жазды. Оның туындысын эстрада жұлдыздары Луина мен Нұржан Керменбаев орындады. Айта кетерлігі қос әнші де өздерін «Астананың» жанкүйері санайды.

«Бірге» деп аталатын ән кеше «Астана» мен «Славия» арасындағы ойында бірінші таймнан кейінгі үзілісте алғаш рет шырқалды. Жаңа туындыны жанкүйер қауым жылы қабылдады.

Нұржан Керменбаев пен Луинаның орындауындағы ән «Астананың» әнұранына айналуы әзірге белгісіз.