Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2017

ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық берді

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары Құрбан айтқа орай Астана қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін қауын-қарбыз таратты, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

ОҚО диқандары Құрбан айтқа орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін азық берді

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары Құрбан айт мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың аз қамтылған тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын-қарбыздан дәм татқызу.

Тізімді диқандарға Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, ұлық мерекенің қадір-қасиетін арттыра түсті.

Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады.