Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

ҚМДБ: Биыл туған қой құрбандыққа жарамайды

730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең – Құрбан айт. Мүфтияттың мәлімдеуінше биылғы тоқтылар құрбандыққа жарамайды. Өйткені құрбандықтың қабыл болуы үшін, бірінші ықылас-ниет дұрыс болуы, екінші – сойылатын мал жарамды болуы керек.

ҚМДБ: Биыл туған қой құрбандыққа жарамайды

Ешкінің және қойдың жасы бір жылдан асып екінші жылға кіргені, сондай-ақ алты айлық марқа қозы (үлкен қой секілді) ірі, қоңды болса құрбандыққа жарамды. Сиырдың екі жасқа толып, үшінші жылға кіргенін, ал түйеден жасы бес жылдан асып, алтыншы жылға кіргенін құрбандыққа шалуға болады. Сонымен қатар сойылатын малдың кемшілік, кінәраты болмауы керек деп жазады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты.

Қойдың бір жасы шамамен 6 ай. Себебі, саулықтарының буаздық мерзімі 145-155 тәулікке созылады, яғни орташа есеппен 5 ай 10 күн. Сол үшін шариғатта алты айдан асқан тоқты құрбандыққа жарамды делінген.

ҚМДБ биылғы тоқтылардың барлығы құрбандыққа жарамайтынын ескертеді. Өйткені төқтының жасы кем дегенде алты айдан асқан және ірі болуы шарт. Дәлірек айтқанда, ағымдағы жылдың наурыз айына дейін туылған төл болуы тиіс. Еліміздің бірқанша өңірлерінде сақман сәуір айында басталатыны белгілі. Әсіресе орталық және солтүстік аймақтарда. Сондықтан, құрбан малын сатушылар мен тұтынушылар осыны ескергені абзал.