Аймақтар • 21 Тамыз, 2017

СҚО-да жылжымалы монша қызмет көрсетеді

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанда сыртқы пошымы кәдімгі автобусқа ұқсаған жылжымалы монша қызмет көрсетеді.

СҚО-да жылжымалы монша қызмет көрсетеді

Шомылу, бу қабыл­дау, дем алу орындары бар­лық талаптарға сай жа­салған. Мүгедектер үшін пандус үлгісіндегі арнайы басқыш орнатылған. Ағаш отынмен жағылатын жылжымалы әлеуметтік моншаның иесі Уәлихан Ыбыраев бұл идеяны көптен бері ойластырып жүрген. Осыдан бірнеше жыл бұрын Зейнеп апа үш рет инсульт алып, қоларбаға таңылып қалған. Сүйікті анасының жағдайын барынша жеңілдетудің жолдарын қарастырған кенже ұл осы жобаны ойлап тапқан. 
Моншаны қызметін жү­ріп-тұруы қиын кембағал жан­дармен қатар көпшілік те кеңінен пайдаланады. Бү­гінге дейін бес мыңға жу­ық адам игілігін көріпті.
– Кембағал жандар үшін әлеуметтік қыз­мет­керлер тағайын­далған. Аз қам­тыл­ған, көп балалы отбасы­лар­дың да қатары аз емес. Өті­ніш-тілектер телефон арқы­лы қабылданады. Облыс орталығынан сыртқары жерлерге де барып жүрміз,– дейді Уәлихан.
Уәлиханның ендігі мақ­саты – бағдарлама аясын одан әрі кеңейтіп, жылжыма­лы әлеуметтік монша кеше­нін құру. 

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы