Парламент • 23 Маусым, 2017

Көрме жайлы пікір алмасты

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті Төрағасының бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Көрме жайлы пікір алмасты

Фин парламентшісі Астана­да «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбы­мен өтіп жатқан халықаралық пар­ла­менттік конференцияға қатысуда. 
Тараптар Қазақстан мен Фин­ляндия арасындағы ын­ты­мақ­тастықтың жоғары дең­­гей­де екендігін, оған мем­лекет басшыларының дос­тық қатынастары игі ықпал ететі­нін тілге тиек етті. Қазақстан-Финляндия серіктес­тіктері­нің келешекте де кеңейе беруіне жақында ғана елімізге келіп кеткен Финляндия Президенті Саули Нинистёнің сапарының нәтижесіне де байланысты.
Н.Нығматулин мен М.Пек­каринен парламент­аралық өзара байланыстарды өркендету мәселесін де қозғады.
Фин парламентшісі Астана­дағы ЭКСПО-ның жоғары дең­гейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Әрі осы көрмеден Қазақстанның әлем алдында абыройы көтері­ле түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар, М.Пеккари­нен «жасыл» технологияны дамыту – дүние жүзінің алдында тұрған өзекті мәселе екендігін де атап өтті.
 

Соңғы жаңалықтар