Үкімет • 22 Маусым, 2017

Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шетел инвесторлары кеңесінің 30-шы пленарлық отырысының жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен, вице-президент Дивакар Гупта бастаған Азия даму банкінің өкілдерімен және «Ресей Сбербанкінің» басқарма төрағасы Герман Грефпен бірқатар кездесулер өткізді, деп жазады primeminister.kz.

Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Кездесулер барысында қаржы, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, «Жаңғырту 3.0» іске асыру аясында экономиканың базалық салаларын технологиялық жаңарту жобаларын қаржыландыру саласындағы алдағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстанға арналған ЕҚҚДБ қызметінің жаңа Стратегиясы, Қазақстанға арналған АДБ серіктестігінің 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Елдік стратегиясы және Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығының 2030 жылға дейінгі Стратегиясы жобаларына ерекше көңіл бөлінді.