Аймақтар • 22 Маусым, 2017

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Қызылордада мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

 

- Мемлекет басшысы да өзінің халыққа және қоғамға тынбай қызмет етуімен, Қазақстан мен қазақстандықтардың игілігі үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбегімен бізге жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Мемлекеттік қызметші ел сенімінен шыға білсе, одан жоғары мәртебе, одан артық бақыт жоқ деп есептеймін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.  

Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған  облыс әкімдігінің қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың  мамандары  мен сала  ардагерлері марапатталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында өткен журналистер  арасындағы шығармашылық байқаудың және мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасының  жеңімпаздары марапатталды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар