Аймақтар • 22 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстанда туризм кең қанат жайып келеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның бір  мысалына табиғаты тамаша Айыртау аймағының  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келетін демалушылардың маршруттық кестесіне енгізілгенін келтірілуге болады.

Солтүстік Қазақстанда туризм кең қанат жайып келеді

Өңірдің көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралауды хош  көрген туристердің қатары жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр олардың саны жүз мыңға жетеғабыл болса, биыл одан кем болмайтын түрі бар. Өйткені,  90-ға жуық демалыс нысандары талапқа сай  жабдықталып,  материалдық-техникалық базалар жаңғыртылған.  Қосымша қызмет түрлері  енгізілгеніне қарамастандемалу құнын қолжетімді ету ойластырылған . Бір атап өтерлігі, отбасымен келушілердің қатары көбейе түскен.

«Айыртау аймағында 8 демалыс базасын салу жоспарланса, тең жартысы биыл пайдалануға беріледі.  «Солнечное ВИП», «Жемчужина»,  «Гринпарк», «Гринвуд»  демалыс орындарына сұраныс көп.   «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында  «Жемчужина Имантау» демалыс  аймағына  электр жарығы тартылды», дейді  кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Азамат Елеусізов.

Туристердің көптеп келуін қамтамасыз ету мақсатымен «Туризм-2017» көрмесі, «Мөңке күні» балықшылар форумы өткізілген.

Енді «Қымызфест» фестивалі ұйымдастырылатын болады.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».