IBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы кіші Крис Юбенк биыл WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Бұл жекпе-жекті тек мен ғана емес бүкіл әлем күтіп отыр деп айта аламын. Өз басым бұған 100 пайыз дайынмын. Головкинді соңғы екі жыл бойы жекпе-жекке шақырып жүрмін. Бұл айқас 2017 жылы өтеді», – деді боксшы.
Кіші Юбенк өткен сенбі күні Лондонда өткен жекпе-жекте австралиялық Ренольд Куинланды нокаутқа түсіріп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған. Осы жеңісінен кейін ол бірден Головкинді шаршы алаңға шақырды.
Ал боксшының әкесі бір аптадан кейін қазақстандық спортшының командасымен келіссөз жүргізетінін айтқан болатын.
«Енді көп нәрсе біздің қолымызда. Миллиондаған көрермені бар ITV деген күшіміз бар, ал ұлым Ұлыбританияның ең беделді боксшысы. Бірінші кезекте Головкинмен жұдырықтасуды көздеп отырмыз. Оны қалай жеңу керек екенін жақсы білеміз», – деді боксшының әкесі.
Айта кетейік, кіші Юбенк пен қазақстандық былғары қолғап шебері 2016 жылы кездесу өткізу жөнінде келіссөз жүргізген. Алайда, бұл процесте Юбенктің әкесі тым көп гонарар сұрағанына байланысты тоқтап қалыпты. Мәліметтер бойынша, ұлыбританиялықтар 6 миллион доллардан бас тартқан көрінеді.

Атырауда жұмыссыз қалған 28,2 мың адамға әлеуметтік төлем берілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Алматы облысында жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45
Түркістан облысының тұрғыны бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Оқиға • Бүгін, 14:31
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты
Туризм • Бүгін, 14:00
Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Оқиға • Бүгін, 13:40
Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:23
Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады
Қоғам • Бүгін, 13:04
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50