Қытайда жергілікті археологтар үш мың жыл бұрын өмір сүрген қолтырауынның сүйектерін тапты. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
China Daily мәліметі бойынша мамандар Шэньси провинциясындағы Сиань қаласында жер асты үңгірлерінің бірін зерттеу кезінде тапқан. Экспедиция басшысы Юэа Ляньцзянянің айтуынша, қолтырауын Батыс Чжоу династиясының тұсында өмір сүрген (11 ғасырдан б.з.д 771 жылға дейін).
«Бізге бірнеше мың жыл бұрынғы қолтырауындар жайлы маңызды мәліметтер алуымызға септігі тиді. Бұған дейін мұндай қаңқалар тек еліміздің оңтүстігінен ғана табылған. Осы сүйекке қарап, Аспанасты елінің солтүстік-батысында ауа райы тым ылғалды болғанын, сондай-ақ қазба жұмыстарының маңайында су қоймасы немесе біренеше шағын өзен болғанын аңғаруға болады», – дейді Юэа Ляньцзяня.
Сонымен қатар, зерттеу жұмыстары кезінде археологтар ежелгі 10 қабірді, бірнеше көмілген құдықты, үйінділерді, қоладан, тастан, сүйектен, қыштан жасалған бұйымдарды тапты.
• 06 Ақпан, 2017
Қытайда үш мың жыл бұрын өмір сүрген қолтырауынның сүйегі табылды

Атырауда жұмыссыз қалған 28,2 мың адамға әлеуметтік төлем берілді
Қоғам • Бүгін, 14:47
Алматы облысында жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:45
Түркістан облысының тұрғыны бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған
Оқиға • Бүгін, 14:31
Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты
Туризм • Бүгін, 14:00
Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Оқиға • Бүгін, 13:40
Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:23
Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады
Қоғам • Бүгін, 13:04
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50