«Астана» Президенттік клубының Astana Motorsports командасы «Дакардың» төртінші кезеңінде Аргентина мен Боливия аралығындағы 500 шақырымнан астам жерді еңсерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, осы кезеңде Денис Березовскийдің басшылығымен жеңіл көліктегі экипаж құрамы (Т2) өз санаттарында үшінші орынды сақтап келеді. Astana Motorsports баспасөз қызметінің мәліметінше, жүк көлігімен жарысқандар арасында Артур Ардавичус MAN автомобилімен техникалық қиындықтарға тап болып, оның экипажы жалпы турнирлік есепте 37-ші орынды иеленді.
Жүк көлігімен қатысып жүрген қазақстандық команданың алдағы күндерге жоспарлаған басты мақсаты алдыңғы орындарға шығуға негізделген. Денис Березовскийдің сөзіне қарағанда, құмды жерлерден өту оңай болмағанымен, оның экипажы алда келе жатқан Toyota Autobody командасынан Кристиан Лавиельді басып озуға қауқарлы болды. Алда жарыстың сегіз күнінде қазақстандықтар бірінші орыннан көрінуге барынша әрекет жасайтын болады. Бүгін Туписадан Оруроға дейінгі боливиялық арақашықтық 692 шақырымды қамтымақ, ал жүк көліктері 683 шақырымды еңсеруі тиіс.
• 06 Қаңтар, 2017
Дакар-2017: Астана командасы 500 км жерді еңсерді

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше