WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес (46-0, 38 КО) Головкин мен Джейкобс арасындағы бокс кешінде өз кездесуін өткізеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Boxrec.com ақпараты бойынша Гонсалестің жекпе-жегі бұл күні андеркарт ретінде өтеді. Никарагуалықтың қарсыласы әзірге белгісіз. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол Срисакет Сор Рунгвисаи (41-4-1, 38 КО) болуы мүмкін. Бір айта кетерлігі Роман Гонсалес түрлі басылымдар мен сарапшылардың пікірінше Р4Р рейтингінде үздік боксшылардың бірі.
Сонымен қатар, осы күні андеркарт ретінде украиналық Александр Усик те өзінің айқасын өткізетіні хабарланған.
Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA титулының иегері Дэнниэль Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.
• 06 Қаңтар, 2017
Головкиннің бокс кешінде әлем чемпионы да жұдырықтасады

Астанада Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Елорда • Бүгін, 02:45
Қоғам • Кеше
«Атырау» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Кеше
Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Кеше
Мобилді операторды ауыстыру тәртібі өзгеретін болды
Қоғам • Кеше
25 ақпанға дейін салықтарды төлеп үлгеріңіз
Салық • Кеше
«Реал» бас бапкерге байланысты шешім қабылдады
Футбол • Кеше