Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қарағайлы кентінде «Қызыл кітапқа» енген арқарды жоймақ болған жергілікті тұрғындарды қолға түсірді.
Бұрнағы күні өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау бойынша жүргізілген арнайы рейдтік шаралар барысында табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Қарағайлының шетіндегі мал жайылымынан осы кенттің екі тұрғынын жолықтырып, жауапқа тартқан. Олардан аң қууға әккіленген төрт ит пен жаралы арқар тәркіленді. Қаскөйлер бейкүнә жануар қаша алмауы үшін әдейілеп оның аяқтарын сындырған. Арқарды оңдырмай қинап, онымен әрлі-берлі селфиге түскен әпенделердің ұялы телефоны да енді өздеріне қарсы бұлжытпас айғақ болмақ.
Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша (заңсыз аңшылық) тергеу амалдары мен бірқатар сараптамалар жүргізілуде. Арқада биыл қыс жылы, осындай әумесер аңшылар болмаса, арқар да, мүмкін, аумас па еді?!
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы

Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40