Онда сағатына 150 сиыр сауылады
Шығыс Қазақстан сүт өндіруден елімізде жетекші өңір саналады. Облыстағы тауарлы сүт фермаларын құру жобасы аталған саладағы әлеуетті одан әрі нығайтуға бағытталып отыр. Соңғы жылдары шемонаихалықтар да сүт өндірісін дамытуға ерекше үлес қосып келеді. Ауданда кейінгі екі жылда 4 тауарлы сүт фермасы қайта жөндеуден өтті. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара санын арттыруға басымдық берілді.
Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында жаңа тауарлы сүт фермасы ашылды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай іске қосылған заманауи ферма 620 бас сауын сиыр ұстауға арналған. «Параллель» жүйесіндегі сауын залының өндірістік қуаты сағатына 150-ге жуық сиырды жедел сауу мүмкіндігіне ие. Ал тәулігіне 1200 сиыр сауылады. Кешен Германиядан жеткізілген «GEA» жоғары технологиялы құралдарымен жабдықталған. Барлық жұмыс компьютердің, техниканың және автоматтандырылған жүйенің көмегімен жүргізіледі. «Камышинское» шаруа қожалығының жетекшісі Владимир Акуловтың айтуынша, фермаға жеке қаражат есебінен 181 миллион теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстары алты айда аяқталды. Келешекте осы іспетті 340 басқа арналған тағы бір жаңа ферманы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жаңа ферманың ашылу салтанатына еліміздің әр түкпірінен белгілі агроөнеркәсіп өкілдері келді. Олардың қатарында Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы» ЖШС директоры Иван Сауэр де бар. Иван Адамович Камышинка тұрғындарының ертеден еңбекқорлығымен ерекшеленетініне, өндіріс қарқынын еш уақытта төмендетпегеніне сүйсінетінін атап өтті.
– Сауын сиырға барлық жағдай жасалған заманауи кешеннің ашылуы өңір экономикасы үшін өте маңызды. Әзірге елімізде дәл осы іспетті жоғары технологиялы ферманы кездестірген жоқпын, – деді ол.
«Камышинское» шаруашылығының сүт шикізаты күнделікті «Шығыс-сүт», «Эмиль», «Исток» сияқты өңірдегі ірі сүт өңдеуші кәсіпорындарға жөнелтіледі. Қазіргі таңда шаруашылықта 6023 бас мүйізді ірі қара болса, оның ішінде 2100 сауын сиыр бар. Былтыр 11 айда 12700 тонна сүт, 750 тонна ет өндірген. Шаруашылық «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 400 миллион теңгеге жуық субсидия алды. Атап айтқанда, бірінші санатты сүтке – 317 миллион теңге, ет өндіргені үшін – 44 миллион теңге, түрлендіру жұмыстары үшін 35 миллион теңге субсидия алып отыр. Сағатына 4 тонна өнім шығару қуатына ие құрамажем зауыты жұмыс істейді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бағытындағы 18 мыңнан астам гектарды құрайтын алқапты игеріп келеді. Егістік саласындағы бюджеттік субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау 52 миллион теңгеге жетті. Соңғы үш жылдың ішінде ғана шаруашылық машина-трактор паркін жаңғыртып, ең озық өндірушілерден 20 данадан астам ауылшаруашылық техникаларын сатып алды. Камышинка ауылы әлеуметтік инфрақұрылымы мен өндірістік дамуы жағынан да, халықтың әл-ауқатын жақсартуда да бірқатар жетістіктерге жетті. Кейінгі 5 жылда білім беру, денсаулық сақтау, су құбырлары мен жолдарды жөндеу, елді мекенді көріктендіру жұмыстарына бюджеттен 185 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл ретте «Камышинское» шаруа қожалығы да әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары мен жаңа құрылыстарға қолдау көрсетіп, қаржыландырып келеді.
Бұл күні В.Акулов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан экономика мен кәсіпкерлікті дамытуға сіңірген қызметі үшін ІІ дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Шемонаиха ауданының әкімі Амангелді Тоқтаров пен Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Владимир Головатюк ауыл тұрғындарын құттықтап, табыс тіледі. Жиынға «Камышинское» шаруашылығында ұзақ жыл жұмыс істеген еңбек ардагерлері де қатысты. Мәселен, Ирина Агафонова 30 жылдан астам сауыншы болса, Николай Черепанов 47 жыл өмірін осы шаруашылықты өркендетуге арнаған екен. Олар жаңа кешеннің тұсаукесер лентасын қиды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Шемонаиха ауданы
Суреттерді түсірген Ғылымбек СӘБИТОВ

Көлік жүргізу құқығы жоқ азамат бөтеннің автокөлігін айдап кеткені үшін сотталды
Оқиға • Бүгін, 11:14
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Ата заң • Бүгін, 11:12
Солтүстік өңірлер су тасқынына қалай қамданып жатыр?
Қоғам • Бүгін, 11:02
42 млрд теңгеге жуық инвестиция: Ақтөбеде Coca-Cola зауыты салынады
Инвестиция • Бүгін, 10:52
ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Атышулы ұрлық пен алаяқтық дауы: Лувр директоры қызметінен кетті
Әлем • Бүгін, 10:37
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Ата заң • Бүгін, 10:28
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26