Қарағанды облысындағы Шахан кентінде орын алған апаттың салдарынан қаза тапқан тұрғындардың аты-жөндері белгілі болды.
Апаттық-құтқару жұмыстары барысында үйінді астынан төмендегі марқұмдардың мүрделері табылды: В.М. Андропов, 1981 ж.т. (жылы туған), О.В. Андропова, 1988 ж.т., Е.В. Андропова, 2016 ж.т., В.И. Галышев, 1960 ж.т., А.А. Галышев, 2010 ж.т., Т.К. Кан, 1953 ж.т., В.С. Михайлов, 1956 ж.т., Е.Ю. Алексеенко, 1989 ж.т., В.В. Алексеенко, 2016 ж.т..
Сондай-ақ, құтқарушылар қиранды астынан 1984 ж.т. азамат А.В. Галышевты аман алып шықты. Ол түрлі жарақаттармен Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті билік орындары апат болған үйдің зардап шеккен тұрғындарына арнап «Березка» бала бақшасында жылы орын дайындап, ыстық тамақ беру шараларын ұйымдастырды. Сонымен қатар, бұл жерде қайтыс болған тұрғындардың туыстарына психологиялық көмек көрсету қызметі де қарастырылған.
Жалпы, апаттық-құтқару жұмыстары кезінде 6 адам құтқарылып, 10 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше оқиға орын алған жерде жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, апаттың себеп-салдарын тексеру жөніндегі облыстық комиссия құрылған. Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен жергілікті аумақта төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта жергілікті билік орындары опат болған тұрғындардың туыстарына марқұмдарды жерлеу бойынша көмек көмек көрсету шараларымен айналысып жатыр.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсету бойынша арнайы есеп шот ашылады.
Бүгін, яғни 2 қаңтар күні сағат 13.00-де құлаған үйдің үйіндісін аршу бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Бұл шараға 286 адам және 55 техника бірлігі жұмылдырылған болатын.
Айта кетейік, 1 қаңтар күні Қарағанды облысындағы Шахан кентінде бес қабатты тұрғын үйдің бұрышы опырып құлап түскен болатын. Тоғыз адамның өмірін жалмаған бұл апатқа автономды жылу жүйесі қазандығының жарылуы себеп болған.
Қайрат Әбілдинов,
«Егемен Қазақстан»
• 02 Қаңтар, 2017
Шахан кентінде қаза болғандардың тізімі анықталды

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше