Әйгілі америкалық боксшы Флойд кіші Мейвезердің (49-0, 26 КО) пікірі бойынша мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) шаршы алаңда қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) еш қиындықсыз жеңе алады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Канело» GGG-ді жеңуге қауқарлы. Ол тіпті, кездесуді уақытынан бұрын әрі нокаутпен жеңеді десем қателеспеген болар едім. Егер Брук бірнеше жойқын соққысын дарыта алған болса, не боларын ойлап көріңіздер. Альварес менің қарамағымдағы жігіт болса, жекпе-жектің қазіргі уақытта өтуіне жол бермес едім. Промоутер болып қызмет еткендіктен, бизнес жағындағы мәселелерді жақсы білемін. Бұл істі жоспарлы түрде жүзеге асыру керек», – деді Мейвезер.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы ұрыс алғашында 2016 жылы өтуі тиіс болатын. Алайда, мамыр айында мексикалық боксшы бұл кездесуден бас тартқандықтан орта салмақтағы оның WBC белбеуі Геннадийге берілді.
Осыған дейін Альварестің Головкинмен жекпе-жегін биылға жоспарлағаны әлемдік БАҚ беттерінде хабарланған. Мәліметтер бойынша, келіссөздер барысында қос тарап қаржы мәселесінде ортақ келісімге келе алмауда.

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше