Оқушылар арасындағы түрлі олимпиадалар мен ғылыми байқауларға үзбей қатысып келе жатқан Нұрланның арманы – биотехнолог болу. Оның басқа салаларға қарағанда нәтижесі ұзақ уақытты күттіретін, мехнаты мен бейнеті мол ғылым соқпағын таңдап алуы кездейсоқ емес. Бір жағынан, ауылдық мектепте биолог болып жұмыс істейтін әке жолын жалғастыруды мұрат тұтса, екінші жағынан, ғылымға деген құштарлығының оянуына Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Владилен Поляков себепкер болды. Владилен Васильевич терек ағашының бүршіктерінен эфир майын алу жаңалығымен ғылыми ортаға жақсы таныс. Ол жас шәкірттерінің арасынан Нұрланның өз бетімен ізденгіштігін, елгезектігін байқап, тың жобаны бірлесіп жүзеге асыруға ерекше ықылас қойды. Бағыт-бағдарлар беріп, жанкешті, тынымсыз еңбек арқылы ғана ғылымның қия шыңына шығуға болатынын ұқтырды.
Жуырда көптен күткен қуанышты хабар Ресейдің Барнаул қаласынан жыл құсындай сағындырып жеткенде, қарт ғалым ерекше толқыды. Физика, химия, биология, математика пәндері бойынша өткен халықаралық ғылыми байқаудың алғашқы турына 1300-ден астам оқушы қатысып, соңғы сайысқа 80 үміткердің ғана жолдама алуы бәсекелестік ортаның аса тартысты болғанын байқатты. Нұрлан мұнда пияз қабықшасынан жасалған фитопрепараттың биологиялық ағзалардың өсуін жылдамдататын және оларды радиоактивті сәулелерден қорғайтын пайдалылығын нақты мысалдармен дәлелдеп берді. Мүйізі қарағайдай ғалымдардан құралған қазылар алқасы оның ғылыми жобасының өзектілігін жоғары бағалап, бірінші орынға лайық деп шешті. Ең басты сыйлық ретінде Алтай мемлекеттік политехникалық университетінде тегін оқу мүмкіндігі ұсынылды.
– Фитопрепаратты ғылым тілінде «флавоноид» деп атайды. Оны түзілуі бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс болғандықтан әрі химиялық жолмен алынатындықтан, теориялық білімнің молдығын, шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Жетекшім өте тәжірибелі химик. Мені ғылымның тылсым сырларына талмай үйретіп келеді, – дейді Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың 11-сынып оқушысы Н. Жанғалиев.
Оның айтуынша, сарымсақ қабықшасы суға қайнатылғаннан кейін флавоноидтың қоймалжың тұнбасы пайда болатын көрінеді. Оны сұйылту үшін жарты сағаттай этил спиртіне ұсталынады. Ақыр соңында қоймалжың зат судан бөлініп алынып, дайын өнім түзіледі. Эфир майына бай сарымсақ құрамынан алынған ерекше зат өсімдік ауруларына қарсы қолданылса, зиянкестік қасиеттерін жоятыны, керісінше, бидайдың өсуі жылдамдайтыны тәжірибе арқылы қуатталған. Ұзақ уақыт жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ауыл шаруашылығымен қатар, медицинада, биологияның өзге салаларында да қолдануға болатынын көрсетіп отыр.
Алғашқы аяқалысынан мол үміт күттірген білімді жас тағы бір тың жоба аясында ғылыми ізденісін жалғастырып келеді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25