Бүгін «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру - сайлау конференциясында бірлестік президенті мен басқарма мүшелерінің жаңа құрамы сайланды. Клуб президенті ретінде Қазақстан журналистикасы академиясының академигі Ерлан Бекхожин кандидатурасы бірауыздан қолдау тапты. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бибігүл Жексенбай президенттіктен ұйымның жарғысына сай, яғни сайлану мерзімі аяқталуына байланысты босатылды.
Сондай-ақ, Бас редакторлар клубының мүшелері бірлестіктің вице-президенттерін бірауыздан сайлады. Олардың ішінде - танымал тележурналист Бибігүл Жексенбай, «Әділет» ұлттық апталығының редакторлар кеңесінің төрағасы Мұратбек Тоқтағазин, халықаралық телевидение және радио академиясының академигі (AIATR) Арсений Дүйсенов, «Человек и Закон» газетінің бас редакторы Марат Башимов, «Украiнскi новини» республикалық газетінің бас редакторы Тарас Чернега бар.
• 30 Желтоқсан, 2016
Бас редакторлар клубының жаңа президенті сайланды

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше