Ноғайбай – күре жолдан шалғайда жатқан қазақ елді мекендерінің бірі. Береке-бірлігі сүттей ұйыған ауыл жұмыспен түгелге жуық қамтамасыз етілген десе де болады. Жылдың төрт маусымында жол қатынасы үзілмейді. Жас та болса бас бола білген «Ноғайбай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Алтынбек Сапаров ауылдастарының тұрмыс-тіршілігі жақсаруына үнемі көңіл бөлуді азаматтық парызы санайды. Көшелер асфальталып, электр шамдары орнатылған. Әр үйге сапалы ауыз су жеткізілген. Футбол алаңы жасалған. Серіктестік астық, төрт түлік мал өсіріп, табыстан түскен қаржының бір бөлігін ауылды абаттандыруға, аз қамтылған отбасылар мен қарттарға көмектесуге бөліп отырады. Қиын жылдары шаңырағы шайқалмаған елді мекенге жаңа техникалар әкелініп, машина-трактор паркі толық жаңаланған.
Жақында осында серіктестік бөлген қаржыға көп бейінді демалыс орталығы бой көтерді. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысып, кітаптар жиынтығын тарту етті.
Әлеуметтік нысанда мәдени іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Ғаламторға қосылған компьютермен жабдықталған кітапхана, шеттен келген жолаушылар мен меймандар үшін жайлы нөмірлер жұмыс істейді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ

Алматыда жеткізу қызметтеріне талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 23:48
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше