13 Қаңтар, 2010

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ӘР БАБЫ – АЙҚЫН МІНДЕТ

2605 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласы әкімдігінің жа­нындағы Мемлекеттік тіл сая­сатын одан әрі жетілдіру жө­ніндегі жұмыс тобы соңғы жылдары тұрақты қызмет етіп келеді. Жұмыс тобы отырыстарында бір ғана тақырып аясында, атап айтқанда, “Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы” хабарламалар тыңдалып, пікір талқысы бары­сында жетістіктер мен кемшін тұстар аталып өтіп, алдағы уақытта атқарылатын тиімді іс-шаралар айқындалып, ұсыныстар жасалады. Жұмыс тобының кезекті оты­ры­сында бір мекемеде мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде іс жүргізе алмайтын ұлты қазақ мемлекеттік қызметкерлердің саны пайызға шаққанда көп екені қызу пікір­талас өрбітті. Елбасы сөзімен айтқанда, Қазақстан халқының бі­ріктіруші құралын, яғни мем­ле­кеттік тілді сыйламайтын, мем­лекеттік тілде жұмыс істей ал­майтын адамның мемлекеттік қызмет атқаруына “құқы бар ма?” деген сұрақ туғаны сол екен, мәжіліске қатысып отырған аудан әкімі “Құқысы бар. “Құқысы жоқ” деген заң жоқ” деп, тез жауап қайырды. Бұл жауапқа жұмыс то­бы мүшелерінің бірі “жарайды, заңдық тұрғыдан дұрыс болсын, алайда, бірінші басшы мемлекеттік тілді білмейтін қаракөздерді жеке шақырып алып, “ата-тегіңнің тілін неге үйренбейсің” деп, үлкендік жасамай ма?” деп, қынжылыс білдірді. Айтайын дегенім, еліміздің қай заңынан болсын жоғары тұратын Негізгі заңда, Конституцияда мемлекеттік тіл және ресми тіл туралы арнайы бап жазылғаны белгілі. Сондай-ақ мемлекеттік тіл­дің қолданылу аясын кеңейту және дамыту жөніндегі негізгі Заңның әр тарауында таратылып нақтылы көрсетілген. Сонда Ата Заңның арнайы бабының мем­ле­кеттік қызметкерлер үшін заңдық күші болмағаны ма? Конс­­титуциялық Заңның мемлекеттік тіл туралы бабының Заң екенін дәлелдейтін тағы заң керек пе? Дұрысында, еліміздің Негізгі Заңының, Конституцияның әр бабы еліміздің барлық аза­мат­тарына ортақ міндет жүктейді емес пе?! Мемлекеттік қызмет атқара жүріп мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге салғырт, кейде тіпті немқұрайды қарайтын қызмет­керлер мұны түсінбей ме, әлде түсінгісі келмей ме? Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ.