Батыс Алтайдың бауырындағы Риддер қаласынан өтіп, қалың тайгаға сұғына түскенде алдыңыздан «Громотуха» атты демалыс базасы көрінеді. Осы туристік орталыққа келушілердің назары алдымен екі ит сүйреп жүрген шанаға ауатыны рас. Әдетте, ит жеккен сырғымаларды біз Сібірде тұратын халықтар туралы деректі фильмдерден ғана көретінбіз. Мұның да содан айырмасы жоқ. Өйткені, Аляска маламуттары адам отырған шананы алшаң баса сүйрейді.
Аляска маламуттары демекші, бағзыда мәңгі қар басқан мекенде эскимостар қолға үйреткен қасқыртектес тұқымды қызыға тамашаладық. Бөріге туыстығы үрмейтіндігі мен түр-түсінде сияқты. Негізінен тірсекті, мығым келетін бұл тұқым адамдарға өте үйірсек болады екен. Әсіресе, балаларды жақсы көреді. Еркегі – Арэс, ұрғашысы – Күміс ханшайым Оленсия деген атқа ие маламуттардың қожайыны Сергей Нам ветеринария саласында жұмыс істесе, қызы Ангелина Омбыда кинолог мамандығын оқып жүр.
– Ресейге жиі барамыз. Сібір ормандарында бұғыны да, итті де шанаға жегіп жүреді. Тайгада тұрғандықтан, бізге де бұл үрдісті енгізуге болады ғой деп ойладым. Осындай қызметтер арқылы ғажайып орман-суымызды танытқымыз, туризмді дамытқымыз келеді, – дейді С.Нам.
Ол біреуінің өзі 200-300 мың теңгеге бағаланатын маламут күшіктерін Ресейден алып келіпті. Иттер қиқулатқанды ұнатады екен. Айғайға сүрең қосылғанда шабысын үдете түседі, шананы қиналмай сүйрейді. Тоқтатарда шананың артындағы темір тежегішін бассаңыз болды. Жалпы, Арэс те, Оленсия да тілалғыштығымен, жатырқамайтындығымен тәнті етті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің қандай артықшылықтары бар?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қоғам • Бүгін, 15:06
Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында
Қоғам • Бүгін, 15:02
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54