22 Желтоқсан, 2016

Қостанайда мүгедек балаларға арналған түзеу кабинеті ашылды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kostanay-2 Ерекше мұқтаждықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті «Дара» қорының «Әртүрлі және тең: Біз инклюзивті білімді жақтаймыз» жобасы аясында Қостанай облыстық әкімдігінің қолдауымен ашылды. kostanay-1 Қостанай облысында ерекше мұқтаждыққа ие он мыңнан астам бала тұрады. Дамуында өзгеріс, ерекшелігі бар баланың ата-анасы оны әрі қарай өсіруде, оқытып, дамытуда өз проблемасымен өзі бетбе бет оңаша қалады. Осыған орай, Қостанай қаласында мүгедек балалар мен олардың отбасына тиімді көмек көрсететін орталық бірінші рет ашылды. Онда ерекше мұқтаждығы бар мүгедек балаларға көмек беретін дефектолог, психолог, тифлопедагог, логопед, сурдопедагог, массаж жасаушы мамандар бар. Орталықта балалардың алаңсыз ойнауына, жүріп-тұруына кедергісіз әрі жабдықтың барлығы арнайы әдістеме бойынша жасалған. «Кез келген бала өзгелермен тең білім алуға құқылы. Балалардың бойындағы ерекше қабілеттерін дамытып, олардың өмірден лайықты орнын табуына мүмкіндік жасайтын кабинетті ашуға үлесін қосқан азаматтарға алғысым шексіз», – деді облыс әкімі Архимед Бегежанұлы. Орталыққа 7 жасқа дейінгі 125 бала тіркелген. Олар мамандардан керегінше көмек ала алады. «Дара» қайырымдылық қорының жобалар басшысы Марал Шешембекова мүгедек баланы дамыту үшін орталықтың маңызы зор екендігін айтты. kostanay-3 Кабинеттерді аралап көрген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов сурдокабинетке қажетті жабдықтар және компьютерлік техника алу үшін қаржылай көмек сертификатын тапсырды. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35