22 Желтоқсан, 2016

Мемлекет басшысы мен Иран Президенті арасында шағын келіссөз өтті

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани арасында шағын құрамдағы келіссөз өтуде, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстанға ресми сапармен келген Иран Президентін Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алып, тараптар бір-біріне өз елдерінің Үкімет мүшелерін таныстырды. Келесі кезекте Қазақстан Президенті мен мәртебелі мейман арнайы дайындалған мінберге көтеріліп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Осыдан кейін Президенттер салтанатты жағдайға орай сап түзеген құрмет қарауылының алдымен жүріп өтіп, шағын құрамдағы келіссөздер өткізу залына кірді. Шағын құрамдағы келіссөзден кейін тараптардың кеңейтілген құрамдағы келіссөздері күтілуде. Келіссөздер қорытындысына орай Қазақстан мен Иран бірінші басшыларының бірлескен мәлімдемесі мен екіжақты ынтымақтастық құжаттарына қол қою жоспарланған.  
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35