22 Желтоқсан, 2016

АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы тағайындалды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің бұйрығымен Ержан Айнабеков ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz. Е. Айнабеков - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғалым агроном.  ҚР АШМ құрылымындағы еңбек қызметін 1999 жылы министрліктің аумақтық басқармасынан бастады. 2001-2006 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында министрліктің аумақтық басқармасына басшылық етті. Кейін М. Жұмабаев атындағы ауданды, содан соң СҚО-ның Айыртау ауданын басқарды. 2010 жылдан бастап министрлік құрылымына қайта оралып, АӨК-тегі МИК-тің Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясына жетекшілік етті. 2013  жылдан бастап ҚР АШМ АӨК-тегі МИК-тің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ басшысы болып қызмет істеді. Е. Айнабеков мерейтойлық медальдармен және І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен марапатталған.
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35