22 Желтоқсан, 2016

Сенат саусақ ізін міндетті тапсыру туралы заң жобасын қабылдады

175 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында жоғарғы палата депутаттары «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Заң жобасы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізуге және сол ақпаратты адамның жеке тұлғасын анықтау мен растау мақсатында қолдануға құқықтық негіз береді»,-деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов заң жобасын таныстыра отырып. Министрдің айтуынша, саусақ ізін алу халықаралық деңгейде кеңінен қолданылатын тәжірибе және адамның жеке тұлғасын анықтайтын ұлттық құжаттарда қолданылып жүрген халықаралық стандартқа айналған. 2009 жылдан бері  қазақстандықтар жеке төлқұжат пен жеке басын куәландыратын құжатқа суретін, өзі туралы ақпаратты, қолын электронды чип арқылы орнатып жүр  Ал, саусақ ізін тіркеу туралы заң жобасында дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге жататын тұлғалардың тобы, сондай-ақ оны жинайтын және сақтауға жауапты мемлекеттік органдардың толық тізбесі анықталады. 1992 жылы Қазақстан құжаттардың биометрикалық параметрлері туралы халықаралық келісімді ратификациялады. Қазіргі кезде тұлғаны куәландыратын 11 құжаттың жетеуінде биометрикалық көрсеткіштерді енгізу қарастырылады. Біздің төлқұжаттар мен жеке куәліктерде электронды чиптер бекітілген, бұлар арқылы биометрикалық мәліметтерді енгізуге болады. Дактилоскопикалық тіркеу төлқұжат пен жеке куәлікті немесе теңізшінің жеке куәлігін рәсімдеу кезінде іске асырылады. Балалар 12-ден 16 жасқа дейін төлқұжат алған кезде олар өз еркімен немесе ата-анасының келісімімен дактилоскопикалық тіркеуге алынады. 12 жастан кіші балалар бұндай тіркеумен қамтылмайды. Сонымен қатар шетелдіктер виза алған кезде саусақ іздерін тапсыратын болады. Бұдан бөлек, дактилоскопикалық тіркеу босқындарға, еңбек мигранттарына, Қазақстанда тұратын шетелдіктерге қатысты ескеріліп отыр.
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35