Тәуелсіздік жылдары елімізде 13 теннис орталығы ашылды. Бұл туралы теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев мәлімдеді, деп хабарлады baq.kz тiлшiсi.
«Еліміз санаулы күндерден кейін Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлағалы отыр. Бұл атаулы мереке. Осы 25 жылдың ішінде көптеген спорт кешендері ашылды. Мұның бәрі Елбасының спортқа деген қамқорлығының арқасында жүзеге асып жатыр. Мен теннистің арқасында әлемнің барлық елінде болып шықтым. Қазақстанда да бұл спорттың дамуына қолайлы мүмкіндіктер бар. Үлкен тенниске қызығатындар көп. 2012 жылы алғаш рет Қазақстан теннисшілері Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия жеңіп алды. Біз әзірге жүлде алуды армандай алмаймыз. Бірақ төрт жылдың басты додасына қатысудың өзі үлкен жетістік деп санаймын», – деді Диас Досқараев.
Оның айтуынша, соңғы 10 жылдың ішінде 13 аймақта әлемдік стандарттарға сәйкес теннис орталығы ашылды.
«Тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана ашылған жоқ. Келесі жылы құрылысы басталады. Жақында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Атырауда жаңа орталық ашылды. Адамдар теннисті осы уақытқа дейін байлардың спорты деп ойлап келген еді. Еліміздегі ең қымбат қала Астананың өзінде бір айдағы секцияның құны 15 мыңнан аспайды. Оның қасында жеңіл атлетика, жүзу, гимнастиканың бағалары қымбат. Ал Шымкентте 6 мың теңгеден басталады», – деді Қазақстан құрамасының капитаны.
Диас Досқараев шетелдіктер мұндай бағаны естігенде таңғалатынын айтты. Өзге елден келген теннисшілер, бапкерлер біздегі бағаны доллармен есептеп көріп, арзан деп жататын көрінеді. Себебі әлемнің бірде-бір елінде 30 долларға теннис ойнау мүмкін емес.
• 13 Желтоқсан, 2016
Тәуелсіздік жылдары елімізде 13 теннис орталығы ашылды

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10
Қоғам • Бүгін, 09:05
Спорт • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:55
Жәдігер • Бүгін, 08:50
Өнер • Бүгін, 08:45
Жаңашылдықтар мен басымдықтар түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 08:40
Театр • Бүгін, 08:35
Алтын Орда тарихынан сыр шертеді
Руханият • Бүгін, 08:30
Қазанда басылған қазақ дастаны
Басылым • Бүгін, 08:25
Көпсалалы әріптестікке бағытталған кездесу
Саясат • Бүгін, 08:22
Ғылым саласындағы жасанды интеллект
Ғылым • Бүгін, 08:20