Қостанайда белгілі сатирик жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді. Оған Қостанай қаласындағы зиялы қауым өкілдері, қала басшылары және Сейіт Кенжеахметовтың қаламдастары мен балалары, туған-туыстары келді. Тақтаның ашылу салтанатында Қостанай қалалық әкімінің орынбасары Бибігүл Аққожина, жазушы Ғұмар Ахметчин, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы, жазушының қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова сөз сөйлеп, Сейіт ағаны еске алды, оның шығармашылығын жоғары бағалады. Балалары ескерткіш тақтаның ілінуіне бастама көтерген әкесінің замандастары мен қалалық әкімдік қызметкерлеріне алғыс айтты.
«Сейітпен облыстық «Коммунизм таңы» газетінде қатар қызмет істедік. Секең әдебиеттің сатира жанрында ғана емес, журналистикада, этнография саласында көп мұра қалдырды. Артынан ерген шығармашылық жастарға ерекше қамқорлықпен, ілтипатпен қарады, олардың әр шағырамасына балаша қуанатын», деп Ғұмар Ахметчин Сейіт Кенжеахметовтың өзіне жазып берген естелік қолтаңбасын оқып берді. Ескерткіш тақта ашылғаннан кейін кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев Қостанай қалалық мешітінде Сейіт Кенжеахметовке арнап ас беріп, рухына құран бағыштатты. Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ
Тарих • 13 Желтоқсан, 2016
Қостанайда Сейіт Кенжеахметовке ескерткіш тақта ілінді
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10
Қоғам • Бүгін, 09:05
Спорт • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:55
Жәдігер • Бүгін, 08:50
Өнер • Бүгін, 08:45
Жаңашылдықтар мен басымдықтар түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 08:40
Театр • Бүгін, 08:35
Алтын Орда тарихынан сыр шертеді
Руханият • Бүгін, 08:30
Қазанда басылған қазақ дастаны
Басылым • Бүгін, 08:25
Көпсалалы әріптестікке бағытталған кездесу
Саясат • Бүгін, 08:22
Ғылым саласындағы жасанды интеллект
Ғылым • Бүгін, 08:20