Неткен жаратылыс, неткен керемет деп таң қалатынмын. Шынында, қазақтың асылдары бір-бір тау шыңындай еді ғой. Қарап отырсам, мен де солардың жасына жетіп, тіпті кейбіреуінен асып та кеткендеймін. Ел газеті аталық жастасыз, халқыңызға Жаңа жылға орай баталы сөз айтсаңыз деп тілек білдіргенде аузыма түскен бірінші сөз тәубе болды. Иә, тәубе. Ел болдық, етек-жеңімізді жинадық. Көптің қатарында жүрген қазақ төрткүл дүниеге танылып, көш басынан көрінді. Талай жұрттың қабырғасын қайыстырған экономикалық дағдарысты сезіне қойған жоқпыз. Қашанда қилы кезеңде ел бастап шығатын батыл ұл керек болып тұратыны анық. Осы жағынан келгенде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ерекше көзге түсті. Халқын пәле-жалаға, қиындық-қыспаққа ұрындырмай, алға бастап келеді. Тағы бір жетістігіміз, биыл ЕҚЫҰ-ға төраға болатынымыз. Қазақ қай кезде осындай теңдікке жетіп, төрге шығып, бас ұстап еді? Тәубесінен жаңылмаған, барын бағалап, жақсысын жарқыратып көрсететін ұлттық рухымызға қарай мұндайда айтылар жүрекжарды сөз – қайырлы болсын! Барыс жылы қашанда қазаққа жаман болған емес. Ел іргесі берік болып, жарқыраған маңдайымыз ашылып, тіл-көзден аулақ болайық дейік. Биыл мен де 80-ге келіп қалыппын. Біздің алдымызда, ел ішінде тілегін білдіретін, батасын беретін ағалар, замандастар аз емес. Мен оларға да сондай жақсылықты тілеймін. Қазір айналамызда көз де көп, сөз де көп. Одан қорғайтын да, сақтайтын да елдің бірлігі, ұлтымыздың татулығы. Жасыратын несі бар, өткенді көксеп, өлермендік танытып жүргендер төбе көрсетеді. Оларға төтеп беретін қазақтың, қазақ зиялыларының ақыл-парасаты. Барыс жылы бүкіл қазақстандықтарға, өз жұртыма барыстай батыл, бәрін ақылға жеңдіріп, ел іргесін мықты ұстайтын алтын діңгек болыңыздар демекпін! Дәл бүгін бізге кешегі Алаш арыстарының ел деп еміренген ерлік-еңбегі, ұлтым деп ұйысқан, жұдырық болып жұмылған тыныс-тіршілігі керек. Осыны мүлтіксіз орындасақ, алға қойған мақсат та, міндет те орындалады. Барыс жылы табыс жылы, береке-бірлік жылы болсын, ағайын!
Еркеғали РАХМАДИЕВ, КСРО халық әртісі, композитор. Мен бір замандары қазақтың атақты абыз ұлдары Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Шәкен және басқа да асыл ағаларыма қызыға қарайтынмын. Олардың дастарқан басында берген батасын ұйып тыңдайтынмын.
Қаладағы субұрқақтарда неліктен шомылуға болмайды?
Қоғам • Кеше
Павлодарда есірткі қабылдап көлік жүргізген екі адам ұсталды
Есірткі • Кеше
Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады
Аймақтар • Кеше
Сенбілікке 30 мыңға жуық адам қатысты
Экология • Кеше
Өңірге шетелдіктердің қызығушылығы басым
Туризм • Кеше
Екі айда 1,5 миллоннан астам адам келді
Туризм • Кеше
Ел экономикасының қозғаушы күші
Экономика • Кеше
Жергілікті шаруалармен кездесті
Аймақтар • Кеше
Әлемнің рухани мұрасы: Бірегей көрме
Қоғам • Кеше
Жеңіл өнеркәсіпке жеңілдік керек
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Семейде салық мөлшері неге өзгерді?
Аймақтар • Кеше
Ғылым • Кеше
Спорт • Кеше
«Астана» мен «Қайрат» – үшінші кезеңде
Футбол • Кеше
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады
Президент • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан» • Кеше
Тұлға • Кеше
Абай • Кеше
Абай • Кеше
Химиотерапиялық препаратты робот әзірлейді
Медицина • Кеше
Саясат • Кеше
Сала қызметкерлері марапатталды
Үкімет • Кеше
Көлік жүйесі – дамудың көрсеткіші
Президент • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Ғалам ғажаптары • Кеше
Еңбек • Кеше
Қоғам • Кеше
Қазақ тазысы халықаралық көрмеге қатысады
Мирас • Кеше
Мәдениет • 01 Тамыз, 2025
Мереке • 01 Тамыз, 2025
Әлемнің рухани мұрасы: Бейбітшілік және келісім сарайында екі бірегей көрме ашылды
Мәдениет • 01 Тамыз, 2025
Абай • 01 Тамыз, 2025