Әлем • 01 Мамыр, 2017

Сыртқы істер министрлігі: Мәскеу-Бангкок бағытындағы ұшақта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Әуе ойығына тап болған Мәскеу-Бангкок бағытындағы ұшақта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыртқы істер министрлігі: Мәскеу-Бангкок бағытындағы ұшақта зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

«Біздің азаматтар жайында мәліметтер келіп түскен жоқ», деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Айта кетейік, Ресейден Тайландқа ұшып шыққан «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Бангкок әуежайына апатты жағдайда қонған еді. Өйткені, ұшақ тай елінің әуежайына жете бере бірнеше мәрте әуе ойығына тап болып, соның салдарынан бірнеше жолаушы жарақат алған. Төтенше оқиға кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпаған жолаушылар ұшақ әуе ойығына түскен сәтте орындарынан ұшып кетіп, тіпті кейбірі салон төбесіне барып соқтығысқан. Бірқатар жолаушының бел омыртқасы зақымдануы мүмкін деген қауіп те бар. Куәгерлердің айтуынша, жарақат алған жолаушылар ұшаққа дәрігерлер келгенге дейін салон еденінде жатқан. 

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің 25 адам екендігі, олардың 19-ы ауруханаға жеткізілгендігі белгілі.

Соңғы жаңалықтар