Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) ESPN телеарнасындағы First Take бағдарламасына берген сұхбатында кіші Флойд Мэйуезер (49-0, 26 КО) мен Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) арасындағы айырмашылық жайлы айтып берді.
«Әрине, Мэйуезер шаршы алаңға оралып жатса, онымен жұдырықтасу үшін 155-160 фунтқа дейін салмағымды азайтуға дайынмын. Флойд пен «Канело» арасында үлкен айырмашылық бар. Флой ол – Флойд, pound-for-pound рейтингінде көш бастап тұр. Ал «Канело» кім? Мен тек оның бос сөздеріне лайықты жауап беру үшін жекпе-жек өткізгім келеді. Оған деген құрметім қалмады. Ол өте өзімшіл адам», – деді Головкин.
Айта кетейік, GGG кіші Флойдты бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Алайда, ол келіссөздерге келмей, үзілді-кесілді бас тартқан. Ал Альварес өткен жылы Амир Ханды жеңгеннен кейін қазақстандықты айқасқа шақырған. Сондай-ақ, Головкин оның міндетті қарсыласы еді. Бірақ мексикалық боксшы WBC белбеуін өз еркімен беріп, салмағын ауыстырған болатын.
• 01 Наурыз, 2017
Головкин: Мэйуезермен жұдырықтасу үшін салмағымды азайтуға дайынмын

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше